Ару мергендер анықталды

Ш.Уәлиханов орта мектепте мерекеге орай «Мерген ару – 2023» пневматикалық мылтық атудан мектепішілік сайыс өткізілді.

Сайыстың мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, арулардың бойындағы қырағылық пен мергендікті шыңдау.

Сайысқа мектептің басшылық және кіші қызметкерлері, пән мұғалімдері қатысты. Құралайды көзге атқан аруларымыз өздерін жаңа қырынан танытты.

Жарыс қорытындысы бойынша І орынды ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұргүл Қасенова жеңіп алса, ағылшын тілі мұғалімі Дария Қонысбаева мен информатика пәні мұғалімі Жадыра Досмамбетова ІІ орынды теңдей бөлісті. Ал, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Диана Сайлаукенова мен ағылшын тілі мұғалімі Эльвира Қонасова, информатика пәні мұғалімі Асима Ділмұқашева ІІІ орынға ие болды.

Жеңімпаздарға арнайы диплом мен мектептің кәсіподақ ұйымының атынан естелік сыйлықтар табысталды.

Ж.Нариманова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз