Аққалалық оқушылар тоғызқұмалақтан республикаға жолдама алды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Жылой ауданы Шоқпартоғай ауылында білім беру ісінің үздігі, спорт ардагері Сәрсенғалиев Бекболат Хасанғалиұлын еске алуға арналған мектеп оқушылары арасында облыстық турнир аяқталды.

Командалық сында ауданымыздың намысын аудандық балалар спорт мектебінің тұғызқұмалақ бөлімінің бапкері Амангелді Мұратов шәкірттері лайықты қорғап, бас жүлдені жеңіп алды. Команда құрамында өнер көрсеткен Арайлым Құсайынова, Жұмағали Алихан, Аязбай Аружан, Азмұхан Дильяра, Бейімбет Жұлдызай, Тұрлан Айбибі сынды жасөспірімдердің бәрі де Аққала орта мектебі оқушыларынан жасақталған команда болатын.

- Ұлттық спорттан талай бәйгеде жүлде алып жүрген шәкірттерім бұл жолы да жарады. Бізден кейінгі екінші-үшінші жүлделі орындарды Қызылқоға ауданы мен жергілікті Шоқпартоғай командасы жеңіп алды. Ал ойындардың тартысты өткені сондай, облыс орталығынан барған атыраулық команда жүлдеге іліне алмай қалды, - дейді бапкер Амангелді Мұратов.

Айта кетейік жақында А.Мұратовтың шәкірттері 7-8 сынып оқушылары арасында мектеп лигасының облыстық сынында алтын алып, 4 шәкірті республикаға жолдама алса, 5-6 сынып оқитын шәкірттері облыстың қола жүлдесін қанағат тұтты.

САЛАМАТ Б

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521