2025 жылғы Президент жолдауында еліміздің жол инфрақұрылымын жаңғырту мәселесіне ерекше мән берілгені қуантады. Соңғы жылдары жол сапасы мен көлік қауіпсіздігі өзекті мәселелердің бірі болып келді. Президенттің жаңа автобандар салу, ауылішілік жолдарды жөндеу және өңірлік бағыттарды дамыту туралы тапсырмасы – ел халқының тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды бастама.
Жол сапасының жақсаруы – тек көлік қозғалысының жеңілдеуі ғана емес, ол экономикалық айналымның артуы, жүк тасымалының жылдамдауы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің базарға оңай жетуі деген сөз. Ауылдық жерлердегі жөндеусіз жолдар көпшіліктің күнделікті өмірін қиындататыны рас, сондықтан бұл бастама қоғам тарапынан кең қолдау тапты.
Сонымен қатар, жол қауіпсіздігіне, жол мәдениетіне мән беру – адам өміріне жауапкершілікті арттырады. Жол бойындағы бақылау жүйелерін күшейту, цифрландыруды енгізу – апат санын азайтуға ықпал етері сөзсіз.
Жолдауда айтылған жаңа жобалар мен қаржыландыру көздерінің анықталуы еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттырып, өңірлер арасындағы байланыс пен сауданы күшейтеді деп сенеміз.
Жалпы алғанда, жол саласын дамытуға бағытталған шаралар – ел экономикасының ілгерілеуі мен халықтың күнделікті тұрмысының жақсаруына нақты үлес қосатын маңызды қадам.
Асанов Бактыбек
аудан тұрғыны

