Жаңа тәсіл – жаңа мүмкіндіктер

Мемлекет басшысының жасанды интеллектті экономиканың барлық саласына енгізу жөніндегі бастамасы – заман талабына сай дұрыс шешім. Қазіргі таңда әлемдік бәсекеге қабілетті болудың негізгі шарттарының бірі – цифрландыру мен жаңа технологияларды кеңінен қолдану.

Жасанды интеллектті пайдалану өндірістің тиімділігін арттырып қана қоймай, мемлекеттік басқаруда ашықтықты қамтамасыз етеді, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартады. Әсіресе ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық сақтау, өнеркәсіп салалары үшін бұл – үлкен серпіліс болмақ.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының ел дамуын жаңа технологиялық арнаға бұруға бағытталған бұл тапсырмасын толық қолдаймыз. Бұл бастама Қазақстанды озық мемлекеттер қатарына қосуға жол ашатынына сенімдіміз.

Гүлнафис Есқалиева 

Аққала орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT