СУБСИДИЯ ҮШІН ПАРА АЛҒАН БАСШЫ ЖАЗАЛАНДЫ

Атырау облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы алаяқтық және пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылық басқарма басшысы міндетін атқарушы К. Жанқуатовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары аяқталғаны айтылады. "Жанқуатов жүйелі негізде алаяқтық пен бопсалау арқылы "Агробизнес 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия беру мәселесін оң шешкені үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінен пара алып отырған", - делінген ведомство хабарламасында.

16 шілдеде Атырау қаласының №2 сотының үкімімен Жанқуатовқа 2,9 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Сот үкімнің заңды күшіне енген күнінен бастап 1 ай ішінде айыппұл төлеу мерзімін белгіледі және төленбеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылады деп түсіндірді.

Сотталған адам өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика