Қытай Қазақстанға гуманитарлық көмек үшін алғыс білдірді

Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігі коронавирус індетімен күреске арнап жеткізілген Қазақстанның гуманитарлық көмегіне алғыс білдірді. Бұл туралы бүгін ҚХР СІМ ресми өкілі Хуа Чуньин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2 ақпан күнгі жағдай бойынша он бір ел мен UNICEF коронавирустың алдын алу және онымен күресу үшін қажетті медициналық құралдар түрінде Қытайға гуманитарлық көмек жіберді. Олардың қатарында Оңтүстік Корея, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Түркия, Пәкістан, Қазақстан, Мажарстан, Иран, Беларусь және Үндістан бар», - деп мәлімдеді ҚХР СІМ. «Нағыз дос қиыншылықта танылады. Олардың барлығына алғысымыз шексіз», - деді қытайлық елші.

Сондай-ақ ол Қытайдың медициналық бетперде, қорғаныш костюм мен көзілдірікке мұқтаж екенін хабарлады.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚХР-ға 13,6 тонна көлемінде медициналық бұйымдар түрінде гуманитарлық көмек жеткізілген болатын.

Материал 24.kz сайтынан алынды

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика