Президент бастамасы - ел игілігіне

Фото автордың facebook парақшасынан

Қазақстан халқы сайлауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа бастамаларын қолдайтындығын, оған үлкен сенім артатынын көрсетті. Президенттің экономика, әлеуметтік сала мен өңірлік саясаттағы түбегейлі өзгерістер туралы бастамасын мен де қолдаймын.  Осы орайда  алдағы реформалар халықтың мұң-мұқтажын шешеді деген  үміттемін.
Бүгінде Президент тапсырмасына сәйкес заңсыз шетел асқан  ақшаларды қайтару жұмыстары жүруде. Әрине,  заңсыз жасалған шарттарды анықтау, оларды сот тәртібімен бұзу, кейін  қайтаруға уақыт қажет етері сөзсіз. Сондықтан, бұл бағытта жүйелі де табанды жұмыстар жүргізу аса маңызды.  
Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты халыққа Жолдауының бірінші бағдары жаңа экономикалық бағытқа негізделгені белгілі. Жолдауда Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырмағанын ашық айтты. Президенттің сайлауалды бағдарламасында да  басты мақсат – Қазақстанда әділеттілік орнатуды, ол үшін өткеннен сабақ алып, өткеннің қателігін түзетіп, қордаланған мәселелерді шешу.
Ендеше, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясаты мен жүргізіп жатқан реформаларын қолдап, айналасына топтасқан еліміз үлкен табыстарға жетеді деп ойлаймын.

 


Серікқали ЖҰҚИЕВ,
аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521