70% қызметші меритократия қағидатымен жоғары лауазымдарға тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты негізінде ілгерілету жұмыстарын күшейтуге баса назар аударып келеді.

Өз кезегінде, 2022 жылы Атырау облысының жергілікті атқарушы органдарында өткізілген ішкі конкурстар нәтижесімен 70% мемлекеттік қызметші, яғни 50 қызметшінің 35-і меритократия қағидатын сақтай отырып, жоғары лауазымдарға тағайындалды.

Осы және басқа да ақпараттарды Департамент басшысы Ерлан Ермаханбетов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткізілген брифинг барысында баяндады.

Сондай-ақ, 2022 жылдың 1 сәуірінде Атырау облысы Кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысы лауазымына Президенттік жастар кадр резервіне алынғандар қатарынан Нұрбол Жаңабеков тағайындалды.

Сонымен қатар, 2022 жылы мемлекеттік қызметке студенттерді алдын-ала бейімдеу, дарынды, белсенді жастарды тарту мақсатында Департаментпен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің базасында «Мемлекеттік қызмет мектебінің» 4 айналымы қорытындыланып, 24 студент сәтті аяқтады.

Университет базасында мектептің арнайы кабинеті ашылып, кабинет – студенттер үшін мемлекеттік қызметті өткеру мәселелеріне қатысты қажетті оқулықтармен, интерактивті тақтамен, стендтермен, заңдардың QR кодпен жасақталған сілтемесімен және ақпараттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Атап өту қажет, қазіргі таңда аталған «мектептің» 37 түлегі мемлекеттік қызметте еңбек етуде.

        

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз