Бөденелік бүлдіршіндердің онлайн байқауда бағы жанды

Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты көптеген байқаулар қашықтықтан өтіп жатқаны белгілі. Міне, осындай шаралардың бірі - Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырылған «Құлақтан кіріп бойды алар» атты онлайн байқауы.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, №1 өнер мектебінің қолдауымен «Қазақ ұлттық аспаптар» бөлімінің ұйымдастыруымен өткен байқауға Бөдене ауылындағы «Әсем-әуен» дәстүрлі өнер ансамблінің оқушылары да қатысып, жүлдегерлер сапынан көрінді. Мәселен, Бекнұр Бейімбетов пен Алина Амангелді ақынның «Көзімнің қарасы» әнін нақышына келтіре отырып, бірі – 834, енді бірі – 511 дауыс жинап бас жүлде мен II орынды еншіледі.

Енді оларға арнайы Дипломмен және бас жүлдені қанжығасына байлаған Бекнұрға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Байбосыновтың 500-ге жуық нотасымен бірге жазылған ән жинағы бар «Алтын сандық» кітабы табысталады.

Жалпы байқауға еліміздің әр түкпірінен 25-ке жуық өнерпаздар қатысқан.

Байқау жөнінде оқушылардың жетекшісі Гүлбаршын Сариева:

-Қазір елімізде орын алған жаман індетке орай, көптеген байқаулар қашықтықтан өтіп жатыр. Міне, осы байқаудың болатынын бізде әлеуметтік желіден байқап, екі оқушым өздерінің бар ынта-жігерімен қатысып, осындай нәтижеге қол жеткізді. Жалпы, интернет желісі арқылы байқауға қатысып, одан орын алғанмен бірталай қиындықтарды бастан өткізіп, жол жүріп еңбекпен алған жеңістің орны қашан да бөлек екен. Дегенменде бұлда бір жақсы жаңалық екенін байқадық,-дейді.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521