«Атырау-Ақпарат» ұжымы қар күреушілерге ыстық тағам таратты (ВИДЕО)

Бүгін, 18 ақпан күні атыраулық жастар қар тазалаушы жұмысшыларға ыстық тағам мен шәй таратты.

Акцияны «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі мен Coffee River компаниясы бірлесіп ұйымдастырды.

Атырау қаласы әкімдігінің мәліметінше, бүгін қаладағы қар тазалау жұмыстарына 90-нан аса жұмысшы мен 22 бірлік техника жұмылдырылды.

ystyk-tagamavd

«Қазіргі таңда Азаттық, Әуезов, Сәтбаев, Абай, Құрманғазы және Владимировский көшелерінде қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Түстен кейін қосымша тағы 5 техника шығаруды жоспарлап отырмыз», - дейді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

ystyk-shaj

Айта кетейік, қайырымдылық шарасы түстен кейін тағы жалғасын табады. Барша Атырау жастарын іс-шараны ары қарай жалғастыруға шақырамыз!

ATPress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521