banner_damu

АЛТЫН ОРДА 750: Атырауда халықаралық конференция өтеді

Атырауда «Ұлық Ұлыс – АЛТЫН ОРДА» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді , деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Білім және ғылым , Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт министрліктерінің қолдауымен Атырау облысы әкімдігі «Ұлық Ұлыс – АЛТЫН ОРДА» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді. Конференция жұмысына 30-дан астам отандық және Еуропа, Америка, Түркия, Жапония, Ресей, Украинадан 10-ға жуық шетелдік ғалымдар офлайн және онлайн форматта – барлығы 150 адам қатысады деп жоспарлануда.

Онда «Алтын Орда дәуірінің мәдени мұрасы тарихи деректерде», «Археологиялық құндылықтардың тарихи маңызы», «Ұлық Ұлыс дәуірі фольклорының ерекшеліктері», «Қасым Хан және Сарайшық: Қазақ мемлекеттілігі тарихында» атты 4 панелдік отырыста тақырыптық баяндамалар талқыланады. Сонымен қатар, қатысушылар Атырау аумағында 1975 жылдан 2020 жылға дейін жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының түпнұсқа ғылыми есептерімен танысу мүмкіндігіне ие болады.

Ұлы Жібек жолы бойындағы Алтын Орда астанасы болған Сарайшық ауылында этноауыл құрылып, тақырыптық көрмелер, қолөнершілердің шеберлік сағаттары, жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Алтын Орда тарихына байланысты деректі фильм мен бейнебаяндар түсіріліп, отандық және шетелдік телеарналарда көрсетіледі.

Облыс тұрғындары Хан ордалы Сарайшықта жасақталатын Алтын Орда дәуіріне бір сәтке саяхат жасау мүмкіндігін беретін этноауылға сапар шеге алады.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика