Ақботаның алар асуы алда

Жақында Бурабай курорты аймағында Щучье көлінің жағасында орналасқан «Балдәурен» орталығында «Патриотизм – рухани жаңғырудың берік іргетасы» атты республикалық патриоттар форумы өтіп, оған «Көктем» қазақ орта мектебінің оқушысы Ақбота Сабыр  қатысып қайтты.

Өткен оқу жылында Ақбота республикалық, облыстық эссе байқауларынан жүлделі орындардың иегері  атанып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына барып демалып келіпті. Міне, енді биылғы оқу жылында да алдына мақсат қоя отырып, мектепте  өткен  шараларды  жинақтап  қорғау мақсатында  орталықпен онлайн түрде байланыс жасап, нәтижесінде мектептің патриоттық бағытта өтіп жатқан шараларын республика көлемінде жарнамалағаны үшін аталмыш форумға арнайы шақыртумен барып, «Қазақстандық–жас патриоттар Академиясының» мүшелігіне  қабылданды. Сондай-ақ кештің салтанатты жабылуында оған сертификат, куәлік және төсбелгі табысталды.

–Әрине,  бұл форумға өткен оқу жылында барып келдім. Сондағы жұмыстарымды жалғастырып, мектептегі патриоттық-тәрбиелік бағыттағы шараларды Республикалық сайттарға жолдап отырдым. Республикалык «Мен – Қазақстан патриотымын» және «Менің Президентім» тақырыбындағы эсселер байқауына қатысып бас жүлде, ал облыстан бірінші орын алғандықтан осы жолдамаға биыл тағы ие болдым,-дейді Ақбота Сәтқызы

Айтып өткен жөн, ілгері күнге үлкен үміт артқан болашақтағы жарқын істердің бастамасы ретінде «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Қазақстандық-жас патриоттар Академиясы» құрылды.

Диас АҒЫСҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT