Тамақтан  уланудың  алдын  алу маңызды

Жалпы  аудан  бойынша  соңғы  5 жылда  тамақтан  улану  фактілері  тіркелген  жоқ. Дейтұрғанмен  тамақтан уланудың  алдын  алудағы  сақтық  шараларын  біліп жүрген абзал. Тамақтан улану-адам ағзасына улы әсер ететін микробтармен, токсиндермен және микробсыз заттармен ластанған тағамдарды тұтыну нәтижесінде пайда болатын өткір ауру.

Улану көбінесе жарамдылық мерзімі өткен, бактериялық себілген немесе химиялық заттармен ластанған өнімдерді тұтыну кезінде, сондай-ақ жеке гигиенаны сақтамау кезінде ластанған қол, ластанған су, ластанған тағам өнімдері арқылы беріледі. Әсіресе, дұрыс өңделмеген ет-сүт өнімдері, дайындалу және сақталу режимі бұзылған дайын тағамдар аурудың ең көп кездесетін берілу факторлары.

Тамақтан улану қаупін азайтуға көмектесетін бірнеше нұсқаулар:

  • Гигиенаны сақтаңыз. Балаларды тамақтанар алдында және дәретхананы қолданғаннан кейін қолдарын жууға үйретіңіз. Сондай-ақ, жемістер мен көкөністерді тұтынар алдында жууды ұмытпаңыз;
  • Қауіпсіз су мен өнімдерді қолданыңыз. Пісіру кезінде жаңа және дұрыс өңделген тағамдарды қолданыңыз.
  • Тамақты дұрыс дайындаңыз. Пісірер алдында қолыңызды мұқият жуыңыз, айқас ластануды болдырмау үшін шикі және жеуге дайын тағамдарға әртүрлі пышақтар мен тақтайшаларды  пайдаланыңыз.
  • Азық-түлікті дұрыс сақтаңыз. Азық-түлік сақтау  нұсқауларын орындаңыз және жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз.
  • Шикі және қуырылмаған тағамдардан аулақ болыңыз.

    Балалар  тамақ  инфекцияларына көбірек бейім болуы мүмкін, сондықтан шикі жұмыртқа, пастерленбеген сүт немесе қуырылмаған ет сияқты шикі немесе қуырылмаған тағамдардан аулақ болуға тырысыңыз.

Тамақтан уланудың  белгілері – қызудың көтерілуі, іш өту, іштің ауырсынуы, құсу, жүрек айну, бас айналу, әлсіздік. Сонымен қатар, дер кезінде емделмесе, асқынуларға  - сусыздануға, жүрек және тыныс алу жүйесінің бұзылыстарына әкеліп соқтыруы мүмкін.  Тамақтан уланулар жиі той-жиындарда, халық көп жиналғанда болуы мүмкін. Өйткені осы уақытта тағамдар бірнеше сағат, тіпті, 1-2 күн бұрын дайындалады. Ас үстелінде де біршама уақыт тұрады, сондықтан да ауру топтық сипатта өтуі мүмкін.  Егерде  Сіз тамақтан  улану белгілерін байқасаңыз, дереу дәрігерге  қаралыңыз. Улану кезінде емдеуді дереу бастау керек, өйткені мұндай жағдайда әрекетсіздік  әртүрлі  асқынуларға  әкелетінін  есте  сақтаңыңыз.

 

Гульжан  Қожақызы,

Индер аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

 бақылау басқармасының басшысының ума                            

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521