Индер ауданында коронавирусқа шалдыққандар саны 600-ге жетті

 Индер ауданы бойынша тамыз айының екі күнінде коронавирус жұқтырған 44 адам есепке алынды.

Қазір аудандық орталықтандырылған ауруханада 40 науқас ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 4-і өте ауыр, ал 9-ы ауыр халде. Жалпы сырқатқа шалдыққандардың басым бөлігі зейнеткерлер мен жұмыссыз азаматтар болып отыр.

Индер аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гулжан Уразалиева:

- Осы анықталған науқастардың ошақтарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында ауырған адамдардан анықталғаны бұл адамдардың 80 пайызы тойға, садақаға барған болып анықталып отыр. Яғни біздерде той жасау немесе үйден қонақтық, құдалық жасау күні бүгінге шейін тоқталмай отырғанын осыдан көрулеріңізге болады. Бұл аурудың бірден бір емі вакцина алу. Ауруды жеңу үшін вакцина алу керек. Яғни біз иммунитет қалыптастыруымыз керек.

Ұжымдық имунитет қалыптастыру үшін тұрғындардың кем дегенде 70 пайызы осы вакцинамен егілу керек екен. 

Бүгінгі күні аудандық ауруханада 50 керуерт дайын. Ал ауру асқынған жағдайда олардың санын 70-ке дейін арттыруға мүмкіндік бар. Ауданға жеткізілген 4060 вакцинаның 3838-і салыныпты.

Жыл басынан бері Индер ауданы бойынша 600 адам коронавирусқа шалдыққан.10 адам өмірден өтті. Тек қана шілде айында ем қабылдағандардың саны 300-ден астам.

Сұңқар КӨШЕКОВ,

Индер ауданы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521