COVID-19: Өңірде 35 адам инфекция жұқтырған

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «сары» аймақта, деп хабарлайды ATPress.kz

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 8 адам тіркелген. Бұл көрсеткіш Теңіз кенішінде 25 адам болса, Жылыой және Индер аудандарында 1 адамнан инфекция анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 6 науқаста ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 23 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 102 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 62 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 14 адам ем қабылдауда.

Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 259 адам ем қабылдауда.

ATPress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521