Құлсарыда оқушылар арасында цифрландыру жән IT бойынша шеберлік сағаттары өтті

Жылыой ауданының екі мектебінің оқушылары  IT-технологияларды қолдану бойынша шеберлік сыныптарына қатысты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.  

Жылыой ауданында екінші жыл бойы IT және цифрландыру мәселелері бойынша колледждер мен жалпы білім беретін мектептерді қолдау бағдарламасы жүзеге асырылуда. Өткен жылы ТШО-ның цифрлық бөлімінің мамандары Құлсары қаласы колледжінің оқушыларына ашық сабақтар өткізсе, биылғы жылы аудан орталығының екі мектебінің оқушылары үшін шеберлік сабағы  N6 Пушкин атындағы жалпы білім беру мектебінде және N12  Сатыбалдиев атындағы жалпы білім беру мектебінде өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Құлсары қаласындағы колледждер мен мектептерді қолдау бағдарламасы компанияның әлеуметтік жауапкершілігін көрсетуге, болашақ мамандарды дамытуға, сондай-ақ  IT-технологиялар саласын жас буын арасында танымал етуге бағытталған. 

⁃ Шеберлік сағаттары шеңберінде презентациялармен бірге IT - мамандар өндірісте қолданылатын құрылғылардың-компьютер, радиоқабылдағыштар, планшеттер, quest және Hololens виртуалды шындық дулығасының жұмысын көрсетті. ТШО цифрлық бөлімінің қызметкерлері оқушыларға цифрлық технологияларды қолданудың нақты мысалдарын көрсетті. Бұл оқушыларды ақпараттық технологиялар саласын одан әрі зерттеуге шабыттандырды, - деді жобаны ұйымдастырушы Фариза Нұржауова. 

Қатысушы мектептер педагогтарының айтуынша, ауыл оқушыларына дәрістер, сабақтар, шеберлік сағаттарын өткізу оқушыларды болашақ кәсіби қызметке дайындауға көмектеседі. 

⁃ Цифрландыру сонымен қатар балалар мен жастардың дамуына және кәсіптік тұрғыда дайындалуына көмектеседі. Олар болашақта пайдалы болатын бағдарламалауды, робототехниканы, дизайнды және басқа да сандық дағдыларды үйрене алады. Цифрлық жобалар мен конкурстарға қатысу ғылым мен техникаға деген қызығушылықты оятады, сыни ойлау мен шығармашылық қабілеттерін дамытады, - деді Фариза Нұржауова. 

ТШО-ның Құлсары қаласының колледждері мен мектептерін қолдау жөніндегі цифрлық бөлімінің бағдарламасы жалғасады. Болашақта цифрландыру және IT бойынша шеберлік сағаттарына Жылыой ауданынан мүмкіндігінше көп балалар қамтылатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521