Қазақстандық геологтар керннен Қазақстан аумағында 200 миллион жыл бұрын өмір сүрген «архозаврдың» қалдықтарын тапты

Кернді зерттеуді 2020 жылы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ-ның ғылыми - техникалық орталығы «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Каспий маңы бассейнінің триас және жоғарғы-пермь шөгіндіжиналу түзілімдерін зерделеу шеңберінде жүргізілді.

Жобаның бірегейлігі – Атырау және Маңғыстау облыстарындағы екі филиалдың зертханалық және жобалық блоктары мен Нұр-Cұлтан қаласындағы институттың бас кеңсесінің біріктірілген жұмысында. Жобаның барысының – микрофаунистік талдау жүргізу арқылы триас кезеңінің (250 млн – 205 млн жыл бұрын) бауырымен жорғалаушылар класына жататын қолтырауындардың ата тегі болып табылатын, күрделі торлы құрылымы бар ашық сұр түсті жас «архозаврдың» жақ сүйегі табылды. - Каспий маңы ойпаты үшін бұл ерекше жағдай, өйткені Шығыс Еуропа платформасында триас архозаврларының табылуы сирек кездеседі.

Қазіргі уақытта компьютерлік томография әдісімен «үлгіні» сканерлеу бойынша жұмыс жүргізілді. Кескінді өңдеу кезінде сыйыстырушы жыныста жақ сүйектің болуы расталды, осыған байланысты шамамен 11-12 тіс табылды. Триас кезеңі остракод фаунасының ілеспе кешенін зерттеу нәтижелері негізінде анықталды. Дәлірек сипаттама алу үшін сүйектер негізгі жыныстардан арнайы құралдар мен инструменттер көмегімен тазартылады, содан кейін «үлгі» әрі қарай толыққанды зерттеу үшін профильдік институтқа жіберіледі. Мұндай зерттеулердің бірегейлігі олардың нәтижелерінің іргелі болуында, ал бұл қималарды стратификациялау бойынша кейінгі жұмыстарды жүргізуге және геологиялық модельдерді құруда оң әсер береді, - деп «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Кернді талдау қызметінің басшысы Никита ПРОНИН түсіндірді.

Қазақстандық геологтар осындай геология саласындағы қызықты олжалар микрофауна мен жалпы палеонтологияны зерттеуге түрткі болады деп үміттенеді. Айта кететін жағдай, өткен жылдары «ҚМГ Инжиниринг»-те Қазақстанда жоғары технологиялық зертханалық орталықтар құру бойынша ауқымды жұмыстарды жүзеге асырды. Бүгінде «ҚМГ Инжиниринг» екі филиалында барлық талаптарды сақтай отырып, заманауи керн қоймалары салынды және компьютерлік томографты, электрондық микроскопты пайдалана отырып, керн материалын цифрландыру, литологиялық-седиментологиялық сипаттама кезіндегі тәсілдерді өзгерту бойынша жұмыстар жүргізілуде және алынатын нәтижелердің сапасын жақсартуды қамтамасыз етуде ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Мүдделі тұлғаларға арналған анықтама: «ҚМГ – Инжиниринг» ЖШС – әлемдік озық стандарттар деңгейінде мұнай-газ саласының ғылыми-зерттеу және инжинирингтік қызметтер көрсететін «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясының және еліміздің заманауи және бәсекеге қабілетті орталығы.

БАҚ үшін байланыс телефоны: +7771 877 41 11 Лаура Сулейменова Email: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT