АТТАНДЫ САПАРҒА, КӨҢІЛДЕ МОЛ АРМАН

Қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласып, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлектердің құрметіне арналған «Ақ қанат арман жетелеп» атты салтанатты кеш «Бастау» мейрамханасында өтті.

Жарқын болашаққа ұмтылған жас түлектердің салтанатты жиынына ата-аналар мен ұстаздар қатысып, мектепті үздік бітірген озат шәкірттер ортаға шақырылды. Алдымен үлкен өмір жолына қадам басқалы тұрған түлектерді аудан әкімінің орынбасары Ақтілек Мусағалиев құттықтап, жаңа өмірге қадам басқанын, үмітке толы жарқын болашақ күтіп тұрғанын атап өтті.

m

Салтанатты кеште С.Сейфуллин атындағы орта мектептің «Алтын белгі» иегері Аягөз Бердешова түлектер атынан іздерін жалғап келе жатқан «Көктем» қазақ орта мектебінің үздік оқу-шысы Асылай Өтеғалиға «Аманат хат» табыстады. Сондай-ақ өткен жылы мектепті үздік бітірген, қазіргі таңда Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің II курсына аяқ басқан, М.Әуезов атындағы орта мектептің түлегі Сағида Сайынова жас түлектерге өзінің жүрек жарды тілегін жеткізсе, ата-аналар атынан Ұлдай Меңдігереева ұстаздарға алғысын жеткізді.

m

Бұл күні Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің ұстазы Ардақ Шаймарданова мен жас тү-лек Махаббат Мәжитова арасындағы «Ұстаз бен шәкірт» диалогы мәңгілік борышты ауырсынбай парызым деп түсінген ұстаздың шәкірт үшін еңбегінің шексіз екендігін көрсетті. Мерекелік шарада қалықтаған тамаша әндер әдемі кештің ажарын ашса, әр мектептен шығатын түлектер жұбының вальсі әсерге бөледі.

m

 

Айта кетейік, мұндай түлектер кеші аудандағы барлық мектептерде өтті. Биыл өңірде 291 түлек мектеппен қоштасса, олардың 14-і «Алтын белгі», 11-і «Үздік аттестат» иегері атанған.

 

Д.АЙБАР

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика