ЖҰДЫРЫҚ БОЛЫП ЖҰМЫЛҒАН СӘТ

ЕЛІМІЗДЕГІ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕЛЕРДІҢ ҚАТАРЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНІҢ АЛАР ОРНЫ ЕРЕКШЕ. ӨЗ ТАРИХЫНДА ӨЗГЕРІСКЕ ҰШЫРАП, КЕЙІН 2022 ЖЫЛҒЫ 16 МАУСЫМДА ҰЛТТЫҢ ҰЯСЫ ҰЛЫТАУ ТӨРІНДЕ АЛҒАШ РЕТ ӨТКЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЕЛІМІЗДІҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ МӘРТЕБЕСІН РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ҚАЙТАРУДЫ ҰСЫНДЫ.

"Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші рөл атқарды. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек", - деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев. Сөз жоқ, бұл бастама еліміздің, оның ішінде аудан тұрғындарының тарапынан үлкен қолдауға ие болған еді. Осыдан 34 жыл бұрын еліміз өз егемендігін алып, дербес республика болып жарияланған сәт туралы аға буын өкілдерінің пікірін білген едік.

- 1991 жылы 25 қазан Республика күні болып кездейсоқ таңдалған жоқ. Өйткені 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің №307- XII жарлығымен "Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларация қабылданған болатын. Декларацияда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының е г е м е н д і г і ж а р и я л а н ы п , Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Мен ол кезде аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқ аратын е ді м . К ө пші л і к арасында «енді не болады, бағытымыз қандай болмақ?» деген алаң көңіл күдік басым болды. Өйткені 15 одақтас мемлекеттің ішінде ең соңғы болып қазақ мемлекеті өзінің тәуелсіздігін жариялады. Солай бола тұрса да Кеңес үкіметінің жалауы мен елтаңбасы біраз уақытқа дейін алынбады. Екі көзіміз төрт болып күн кештік. Ол кезде қазіргідей әлеуметтік желі деген атымен жоқ, бар күтетініміз - теледидар мен республикалық баспасөздегі хабарлар. Әрине, өткелде ат ауыстыру қиын болса да еліміз өткелден сүрінбей өте білді, - дейді Индербор кентінің тұрғыны Серікқали ЖҰҚИЕВ.

- Мен 1980-1984 жылдар аралығында аудандық партия комитетінде инструктор болып қызмет істеп жүрген жерімнен «Гурьевнефтихимстрой» мекемесіне басшылыққа жұмысқа ауыстым. Кейін құрылыстың әр саласында жұмыс істеп, 1992 жылы жаңадан жасақталған аудан әкімдігіне, жалпы бөлім меңгерушілігіне қайтадан қызметке шақыртылдым. Ол кезде ауданның алғашқы әкімі болып Дүйсенғали Сақимұлы Төленов, облыс әкімі болып Түгелбаев Сағат Қашқынұлы қызмет атқарған болатын. Бір қоғамнан жаңа қоғамға қадам басқан тұс өте қиын б о л д ы . Р е с п у б л и к а б о л ы п жарияланғанымызбен алға даму бағытымыз белгісіз еді. Өнеркәсіп, құрылыс, ауыл ш а р у а ш ы л ы ғ ы с а л а л а р ы тұралап, жұмыссыздық белең алды. Зейнетақы төлеу мен мұғалімдердің жалақысын тауып берудің өзі қиын болды. Сол кезде Дүйсенғали Сахимұлы «Жігіттер, бұл уақытша қиындық, жұдырық болып жұмылып, іс қылайық. Қайдан, қай жерден қандай көмек келеді деп отырудың жөні жоқ. Ел мен жер өзіміздікі, қиындық ортақ, «алма піс, аузыма түстің заманы өтті» деп аппараттағы қызметкерлерді жігерлендіріп, қайрап отырушы еді. Айтқандай, жағдай біртіндеп оңала бастады. Кеңестік елтаңба мен қызыл жалау орнына жаңа елтаңба мен Көк Туымыз қойылды. Сол кездегі ардақты азаматтар аянбай еңбек етіп, жаңа құрылған республиканың қазығын қатайта білді, - деген естелігімен бөлісті зейнеткер Серік ҚАЗИЕВ.

Жазып алған Сұңқар КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT