Жасанды интеллектіні мен жиі пайдаланамын

Жасанды интеллектіні мен өз бетімше оқып үйреніп, бүгінде оқу үдерісінде жиі пайдаланып келемін. 

Жасанды интеллект сабақ барысында оқушыларға көп жағынан көмектесе алады. Мысалы, түсінбеген тақырыпты қайтадан қарапайым тілмен түсіндіріп береді, қосымша тапсырмалар дайындайды, тест немесе ойын құрастырады. Оқушының деңгейіне қарай жеке-жеке жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Кейбір балалар үшін ол жеке көмекші сияқты болады.
Көпшіліктің ойында «AI мұғалімді алмастырып жібере ме?» деген сұрақ бар. Бірақ, шын мәнінде жасанды интеллект тек құрал ғана. Ол эмоция, адамгершілік, балаға деген жылулық пен тәрбие бере алмайды. Мұғалім – тек білім беруші емес, ол бағыт беруші, қолдаушы, тәрбиелеуші тұлға. Сондықтан AI мұғалімнің орнын баспайды, керісінше жұмысын жеңілдетеді.
Мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде жасанды интеллектті шығармашылыққа бағыттап, бірнеше әдіспен қолданамын. Мысалы, оқушыларға ертегі немесе әңгіме жазуға Sudowrite пен AI Dungeon көмектеседі, идея ұсынып, сюжет құрастыруға бағыт береді. Writesonic пен Rytr арқылы мәтінді әдемі етіп жазуды үйретемін, ойларын жүйелеуге көмектеседі. Жазба жұмыстарын тексеру үшін Grammarly мен QuillBot-ты қолданамын, қателерді түзеп, мәтінді жеңіл әрі түсінікті тілде шығарады. Сабақта көрнекілік үшін DALL·E, Canva AI, NightCafe немесе MidJourney арқылы әдеби кейіпкерлер мен көріністердің суретін жасап көрсетемін. Викторина немесе ойын түрінде тапсырма беру үшін Kahoot AI, Quizizz AI, Mentimeter AI-ді пайдаланамын. Мәтінді аудару немесе дауысқа шығару қажет болса, Google Translate, Play.ht, TTSReader сияқты құралдарға жүгінемін. Солайша сабақ қызықты, көрнекі, шығармашылыққа толы болады, оқушылар белсенді қатысып, тақырыпты жақсы түсінеді.
Жолдауда айтылған Qazaq Digital Mektebi ауылдық жердегі білім жүйесін жаңғыртып, заманауи технологияларды қолдануға бағытталған бастама деп ойлаймын.

Әсима Сайлауова

Сәке Сейфуллин атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT