Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясында сөйлеген сөзі біз, ұстаздар қауымы үшін үлкен жігер береді. Президентіміз атап өткендей, жасанды интеллектіні экономика мен мемлекеттік қызметтің барлық саласына енгізу – еліміздің өркендеуіне жол ашатын маңызды қадам.
Бүгінгі мектеп партасында отырған жас өрендер – ертеңгі білікті маман, ел болашағы. Біз ұстаздар оларға білім беріп қана қоймай, жаңа технологияларды игеруге, уақыт талабына сай болуға тәрбиелеп келеміз. Олардың бойында елге қызмет етуге деген құлшыныс пен дарын жеткілікті екеніне сеніміміз мол.
Президент бастамасын қолдай отырып, біз де жас ұрпақтың озық ойлы, заманауи білімді азамат болып қалыптасуына бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.
Элмира Абдрахманова
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі