Жас жарымдағы жоғалған сәби әлі іздестірілуде

Кешеден бері Жұлдыз шағын ауданында жоғалған жас жарымдағы сәбиді іздестіру жалғасуда. Бұл жөнінде Атырау полиция департаменті хабарлайды.

Бүгін таңғы сағат 06.30 бастап көмекке келген қала мен жақын маңдағы поселкелердің 400-ге жуық тұрғындары мен еріктілер, 50 ұлттық ұлан әскерлері, 20 техникамен 100-ден астам полиция қызметкерлері, сонымен қатар, Төтенше жағдайлар Департаментінен 16 қызметкері, 4 техника және 2 қызметтік ит осындағы 50-ден астам көшелерді жан-жақты тексеруге жұмылдырылды.

Сонымен қатар, кешеден 3 дрон қолданылуда.

Бұдан басқа, полиция қызметкерлерімен жедел жан -жақты жұмыстар жалғасуда.

Айта кетейік, Атырау қаласы Жұлдыз ы/а 1,5 жастағы Әли есімді сәби 20.05.2020 жылы сағат шамамен 13:30-да үйінен шығып кеткен болатын.

a

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521