Жас аналар байқауы өтті

Жақында аудандық музейде жастар арасында ұлттық құндылықтар мен дәстүрді насихаттау мақсатында «Тәрбие бастауы анадан» атты жас аналар байқауы өтті. Оған Индербор кентімен қоса, Жарсуат, Есбол, Ынтымақ және Аққала ауылынан 5 үміткер қатысты.

Алдымен аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Сұңқар Көшеков бүгінгі байқауды өткізіп отыруымыздың себебі көрген тәрбиелерін өнеге етіп, бір-бірімен тәжірибе алмасу екендігін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

dsc_1538

Төрт кезеңнен тұратын сайыстың алғашқы таныстыру бөлімінде қатысуышалар өзі мен отбасы туралы бейнекөрсетілім дайындап, бірі - қарасөз, бірі - көркемсөз арқылы жеткізсе, енді біреулері – әнге арқау етіп, бірі – монологпен тебірене айтып берді. Ал екінші «Қолөнер – сырлы өнерде» үйден дайындап әкелген күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген құрақ көрпе, қоржын т.б. түрлі бұйымдарын көрсетсе, келесі «Салт-дәстүрді білеміз бе?» бөлімінде салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап берді. Соңғы «Шебердің қолы ортақ» кезеңінің шарты бойынша 5-7 минут аралығында қолдарындағы құралдармен бұйым жасап шығарды.

 

dsc_1560

Байқау соңында әділқазылар алқасы мен аудандық әйелдер кеңесінің төрағасы Светлана Жанғали байқаудың жақсы деңгейде өткенін айта келе, жүлдегерлерге марапат ұсынып, қатысушыларға бағалы сыйлықтар табыс етті. Нәтижесінде, бас жүлде аққалалық Бақтыгүл Қабдирова, ІІ орын есболдық Амангүл Жұмағалиева, ІІІ орын ынтымақтық Ақнұр Қалиоллинаға бұйырды, ал индерборлық Әсем Ұлданова мен жарсуаттық Лаура Қуанышбаева Алғыс хатқа ие болды.

dsc_1665

Міне, «Бір қолымен – бесікті, бір қолымен – әлемді тербеткен» аналар осындай ибалылық пен инабаттылықты бойына жиып, аяулы жар, асыл ана, сүйікті келін атанып отырса, қоғамдағы ажырасу, тәртіпсіз ұрпақ мәселесі қозғалмас еді.

dsc_1547

Ақмарал ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика