Жарты қап ұн жол бойында жатыр (ВИДЕО)

Бүгін «Атырау-Индер» тас жолының Бөдене ауылы тұсында қоқыстардың арасында жарты қап ұн жатыр.

Оны ауылдық округ әкімі Жанболат Ғизатов ауылдастарының ватсап группасына «астықтың бағасы көтеріліп жатқан кезде осындай іс-әрекетке кім барып жүрген, керісінше көшеге шашпай малдарына бермейді ме екен, обалы қайда» деп бейнабаян түсіріп, жіберген болатын.

Міне, «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді» дегендей, бұл ойлантарлық жағдай. Елімізде төтенше жағдай орын алғаннан бері, азық-түлік бағасы да күрт көтеріліп кеткені шындық.

|16:9}

Тіпті күн сайын базар мен дүңгіршіктерде «Ұн сатып алам деп» ұзын-сонар кезек күтіп тұрған қара халықтың қарасы қалың. Ол былай тұрсын аудан әкімдігінің телеграмм чатында да күн сайын «Астық жоқ, бағасы шарықтап кетті» деп дабыл қағып отырған тұрғындар да жетіп артылады.

Сондықтан «Ас атасы - нанды» құрметтеп, керісінше оны лас болсада лақтырмай, барынша құрметтейік ағайын.

Дендер-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521