Жаңа жылдық кеш өткізуге тыйым салына ма?

Бұл сұраққа Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жауап берді, деп хабарлайды ATPress.kz

Еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес ойын-сауық және салтанатты іс-шараларды, корпоративтік кештерді өткізуге тыйым салынады.

Санитарлық талаптарды белден басқандарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабына сәйкес, жеке тұлғаларға – 30 АЕК (83 340 теңге), лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 230 АЕК (683 940 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 310 АЕК (861 180 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1600 АЕК (4 444 800 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

ATPress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT