Жалғас пен Жеңіс қайырымдылық үшін жолға шықты

Маңғыстаулық Жеңіс Қанатбаев пен Жалғас Садуов есімді еріктілер қайырымдылық мақсатта Рамазан айы басталысымен Ақтаудан Алматыға жаяу жолға шықты. Мақсаттары – Ақтау қаласындағы төрт баласын жалғыз асырап отырған анаға көмектесу. Екі баласы эпилепсиямен ауыратын әрі пәтер жалдап күнін көріп жүрген отбасыға үй алып бермек ниеттері бар.

Өткен сенбіде аталған екі азамат Индер жеріне де табан тіреді. Жеңіс Қанатбаевпен тілдескенімізде алғашында инстаграмм әлеуметтік желісінде бастама көтеріп, азын-шоғын қаражат жиналғанымен, интернет алаяқтары көбейгендіктен сенім азайып, бұл бастама баяулап қалған екен. Сондықтан жаяу сапарға шығып, жол-жөнекей қолдарындағы допты бағалы заттарға айырбастап келетіндіктерін жеткізді.

– Допты бізге сол отбасындағы балалардың бірі берген болатын. Бұл тек ойыншық қана емес, кішкентай баланың аманаты. Сондықтан сол аманатты арқалап, Рамазан айында сауапты іс жасамақ ниетте осы допты үйге алмастырып беретін ниетіміз бар. К е ш е А т ы р а у қ а л а с ы н а барғанда допты сағат пен сумкаға алмастырдық. Енді Орал қаласына жеткенде б ұ д а н д а қ ы м б а т з а т қ а ауыстырмақшымыз. Солай Талдықорғанға дейін барамыз. Жұма күні Атырау қаласында болып Батыс Қазақстан облысына көмекке шыққалы тұрған көліктерге көмектесіп, өзіміздің «Үммет аманаты» қоры атынан да көрпе-төсек, тамақ алып, тиеп жібердік.

Атырау қаласынан 7, Индерден 2 көлік көмекке жол жүріп кетті, - дейді Жеңіс Қанатбаев. Бұдан өзге олар әр өңірге табан тіреген сайын бір отбасыға көмек берген екен. Ақтаудан Құлсарыға келгенде бір отбасыға, Атырау қаласына табан тірегенде 5 рет ота жасалған мүмкіндігі шектеулі балаға өздерінің қалаулары бойынша (материалдық немесе қаржылай) көмек ұсынған екен.

Жеңіс пен Жалғас жолға ешқандай қаражатсыз шығып, өздерімен тек қана матрас пен киім ғана алыпты. Ораза тұтқан оларға жолда көрген адамдар да барынша жанжақты қолдау көрсетіп, сәттілік тілеуде. Ерікті екеу Индерден Батыс Қазақстан облысына қарасты Жәнібек ауданына аттанып кетті. Лайым жолдары болғай!

Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT