«ҰЛТТЫҢ ҮНІ – ДОМБЫРА»

Осындай атаумен 1 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай аудандық жаңа мәдениет үйінде салтанатты шара өтті.

Қай заманда болмасын домбырада асқақтата ән салып, күмбірлетіп күй төккен өнерпаз халқымыз асылынан артық қастерлеп үкі таққан, аялап қақ төріне ілген ең қымбат музыкалық аспаптардың бірі ол, әрине – домбыра. Сондықтан ұлттың тарихында қарапайым халықтың қуанышы мен қайғы-қасіретін тең бөлісіп, қазақтың басын торлаған ауыр кезеңдерінде жұбаныш бола білді.

Сондай киелі домбыраға арналған кеште алдымен аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» демекші, қазақтың қара домбырасының ұлттық дәстүрді насихаттаудағы маңызы айырықша екендігін, белгіленген мерекенің ұлттық мәдениетіміз бен бірегейлігімізді мұраға қалдырудағы рөлінің зор болатынын тілге тиек етті.

k

Салтанатты шара барысында дәстүрлі өнерімізді насихаттап, домбырамен қазақтың дәстүрлі әндердін, күйлерін орындап жүрген «Р.Ғабдиев атындағы ұлт-аспаптар» оркестрі «Көңілашар», «Адай», аудандық өнер мектебінің «Домбырашылар ансамблі» Құрманғазының «Балбырауын», осындай тақырыпта Бөдене ауылдық ансамбль «41-ші жыл», «Ерке сылқым», Гүлдана Тайырова «Жайық деген жанды су», Дана Сәбитқызы «Қасиетті домбыра», Н.Тілендиев атындағы кіші өнер акедемиясының студенті Аманат Октябрь «Бұлбұл» күйлерін төксе, Рза Нұрмағамбетова «Домбыра», Дәулетжан Байбақты «Ауылым» әндерін орындады. Сонымен қатар, мың бұралған би мен әсем әуенді күмбірлеген күйлер көрермендер көңілінен шықты.

АҚМАРАЛ БОКИРОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT