Ұлттық халық санағы қазан айында өтеді

Осымен үшінші рет қазақстанда ұлттық халық санағын өткізу жоспарланып, оған жер жерде дайындық жұмыстары қарқын алып жатыр. Оның қорытындысы бойынша алынатын экономикалық-әлеуметтік бағдарламалардың өз алдына мақсаттарын анықтап, жүйелі шешімін табуында да бұл шараның өз дәрежесінде сапалы ұйымшылдықпен өтуінің орны ерекше екені анық.

Биыл бұл күрделі де маңызды жұмыс елімізде 1-30 қазан аралығында өтетін болып белгіленіп отыр. Санақты өткізуде бұрынғы жинақталған тәжірибелермен қатар Еуропа статистер қауымдастығының ұсыныскеңестері және ТМД елдері бойынша да бұл бағыттағы әдістемеліктер өз орнымен қолданылып, маңызды науқанды өз дәрежесінде сапалы өткізуге септігі тиеді деген үміт жоқ емес.

Негізі аты айтып тұрғандай, санақ елдің әрбір адамын, отбасын, тұрмысын қамтиды. Оның географиялық, демографиялық, экономикалық жай-күйімен қатар, білім мен этномәдениетін, отбасылық, тұрмыстық жағдайын, денсаулығын, мүгедектігі, қызметі мен үй шаруасын, қысқасы барлық табыс көзіне, тағы басқасын толық қамтитын болады. Осы ретте Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті бұл бағытта 2018 жылы пилоттық жобаны іске асырды. Бұл жұмысты жүргізгенде оған сол кезеңдегі доллардың курсымен есептеп, 481,3 млн. теңге бөлген еді.

Енді өткен тамыз айында бұл жұмысқа 3 млрд. 20 млн. теңге қаржы қаралып отыр. Бұл қаржының басым бөлегі саладағы цифрландыру жүйесін ілгері бастыруда айрықша орны бар «е-Статистика» жүйесін дамытумен бірге планшеттер, компьютерлер сатып алуға жұмсалатын болады. Сонымен бірге осы жұмысқа тартылатын автокөліктер мен штаттан тыс қызметкерлердің еңбек ақылары мен арнайы киімдерін, басқа кеңсе тауарлары мен құрал-жабдықтарын алуға жұмсалады. Яғни Ұлттық санақты жүргізуге 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасы азаматы, белсенді, жауапкершілігі жоғары, инабатты, әсіресе, компьютерді жетік меңгерген, 30 мыңнан аса қызметкер тартылмақшы. Оларды нұсқаушыбақылаушы және интервьюерлер деп атауға болады.

Жұмыс уақытында алатын еңбекақыларының көлемі де айқын. Бұл санақтың бұрынғы жылдардан бір айырмашылығы заманауи технологиялық жүйелер кеңінен енгізіліп, қолданылатын болады және ол үнемі жетілдіріле береді. Соның ішінде санақты барлық мәліметтерін жинақтап, зерделейтін және тарататын технологиялық бағдарламалық sanaq.gov.kz сайты тұрақты жұмыс істейтінін де айту керек.

С.БИСЕНОВ

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика