ҰЛАНДАР ҚИЯҒА ҚАНАТ ҚАҚТЫ

Жақында Атырау қаласында қазақ мұнайының 120 жылдық мерейтойына орай «Мұнайшылар мұнай бер, соны сенен сұрайды ел» атты облыстық айтыс өтті.

«Қазақстан журналистер одағы» мен «Теңізшевройл» ЖШС ұйымдастырған бұл сайысқа 14 айтыскер қатысса, ауданымыздың «Елім дейтін ұланбыз» атты оқушылар айтысынан қанаттанған дүлдүлдеріміз де барып бақ сынады. Үлкен шабытты тартыс жолында М.Әуезов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Нұрасыл Иса 3 орынды жеңіп алса, қазіргі кезде журналистика факультетінің студенті Баймұрат Кеңес пен Есбол мәдениет үйінің қызметкері Абылай Смағұлов ынталандыруға ие болды. Сайыскерлердің барлығына да бағалы сыйлықтар табыс етілді.

aitus

- Осындай үлкен айтысты ұйымдастырып отырған жерлесіміз Қойшығұл Жылқышиев ағамызға және де тәжірибелі Серікболсын Панабердиев, Сырымбек Жақсымбекұлы секілді айтыскерлермен бақтарын сынап, шабыттарын шындауға мүмкіндік беріп шақырып отырған Саадат Нұрмановқа шексіз алғысымызды білдіреміз, - дейді айтыскерлерді сөз сайысына баптап жүрген Роза Қабышқызы.

Осылайша «Елім дейтін ұланбыз» деп жүрген жас ақындар енді қияға қанат қаға бастады.

Ақмарал ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика