Тоқаев: Мәдениет пен бизнес ынтымақтастығы – ортақ құндылық

Президенттің мәдениет пен бизнес ынтымақтастығын қатар қарастыруы өте құптарлық бастама.

Смитсон институтының Қазақстанның мәдени мұра қорын құру жөніндегі шешімі – халқымыздың бай тарихын жаһандық деңгейде танытуға жол ашады. Бұл іске Chevron сияқты ірі компаниялардың қолдау білдіруі – мәдениетке инвестиция салудың халықаралық маңызын айқындайды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту туралы ұстанымы – еліміздің сыртқы саясаттағы тұрақтылығы мен сенімді әріптестікке ашық екенін тағы да дәлелдейді.

Бұл қадамдар Қазақстанның мәдени мұрасын сақтап қана қоймай, халықаралық аренада абыройын арттырады әрі экономика мен мәдениеттің өзара байланысын нығайтады.

Ақжібек Сабырғалиева

Индер аудандық "AMANAT" партиясының төрағасы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT