ТЕРЕЗЕ СЫНДЫРЫП, СОЙҚАН САЛҒАН ҰСТАЛДЫ

Тапа-тал түсте Индербор кентінің бірнеше ғимаратының терезесін күрекпен сындырып, бәрін дүрліктіріп  жүрген қаскөйдің әрекеті лезде  фейсбук, инстаграм сынды әлеуметтік желілер арқылы тарауда. Соның ішінде қаскөй жаңадан жөндеу жүргізіліп жатқан аудандық әкімшілік ғимаратының әйнек есігін, көп қабатты үйлердің жылужайы, басқа да сауда орындарының терезелерін қиратқан. Әрі сауда орындарының ішіне кіріп, ылаң салған әрекеті жаға ұстатарлық. Оқыс оқиғаға куә болған тұрғындардың ұялы телефонына түсірген бұл бейнебаяндары қоғамда түрлі пікір туғызуда.
-Бұл адам   бұрыннан психо-неврологиялық диспансерлік есепте тұрған Индербор кентінің тұрғыны болатын. «Ауру айтып келмейді» дегендей, күзде психо-неврологиялық ауруы қозып алып,  осындай теріс әрекетке барған. Орын алған оқыс оқиғаға орай  аудандық ішкі істер бөлімінің тәртіп сақшыларымен бірге сырқат адам облыстық психо- неврологиялық диспансерлік ауруханаға жатқызылды, - деді аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Анар Доспаеваны сөзге тартқанымызда.

С.БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT