«Индер Темір Жолы» ЖШС 40 адамды жұмыспен қамтып отыр. 2018 жылдың қорытындысымен барлығы 760 вагон жүк тасымалдады Көлік Комитетінің «Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» 2018 жылдың 26 маусымнан 10 шілде аралығында жоспардан тыс тексеріс жүргізіп, темір жол желісімен жүк тасымалдауды тоқтатқан болатын.
Инспекцияның тексеріс жүргізу барысында жалпы барлығы 873 заң бұзушылық анықталып, соның ішінде ең маңыздысы 735 құраған болатын.
2018 жылдың маусым-қараша аралығында «Индер Темір Жолы» ЖШС мекемесі темір жол желісінің 71 км мен 98 км аралығындағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 4000 шпал ауыстырылып ретке келтірілді.
«Индер Темір Жолы» ЖШС 2019 жылға жоспарында Индер-Мақат темір жол желісіндегі 5000 шпал және жарамсыз материалдардың 20% ауыстыруды жоспарлап отыр.
Өз тілшіміз