Тамақтан тарықпаймыз...

Әрине, көрші елде болып жатқан жағдай біздің елге де, әсіресе, экономикамызға да әсер ететіні сөзсіз. Бірақ, ауылшаруашылық саласының байырғы білгірі ретінде алаңдауға еш негіз жоқ деп нық айта аламын.

Себебі, аталған салада өнім өндіріп жатқан табысты кәсіпкерлер жетерлік. Сондықтан азық-түлік қауіпсіздігіне алаңдауға себеп жоқ. Әрі, баға саясаты өзіміздің Атырауда қатаң бақылауда тұрғанын жақсы білеміз. Егер алыпсатарлыққа жол бергендер анықталса, оларға қатысты қатаң шаралар алынатыны да заңда егжей-тегжейлі жазылған. Ендеше, экономикамыз үшін қауіптенетіндей жағдай жоқ. Тіпті, көрші елмен шекара жабылған күнде де, айтарлықтай ештеңе өзгермесі анық. Өйткені, өндірісті өңірде тұрсақ та, төрт түлік өсіріп, кәсібінің нәсібін көріп жүргендер көп. Оларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау да ешқашан үзілмейді. Керісінше, көбеймесе, азаймасы анық.

Қосыбек Ырзағалиев,

ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521