Тұрғындар өтініші аяқасты қалмайды

Күн кеше Индер ауданының әкімдігі телеграм-чат каналында Шынар Жұмағалиева есімді кент тұрғыны Сұлтанғалиев көшесінің тұрғындары атынан өтініш білдірген болатын.

-Біздің көшеміз жылда суға кетеді. Мысалы, қар еріп, көктем шығысымен суға кетеміз, тіпті балаларымыз сабаққа да бара алмай қалады. Ал көлік көшеге кірмейді. Жақында қасымыздағы "Зағиба" базарының алдына дейінгі жолды жасады, ал бір кішкентай көшені қалдырып кетті. Ертең-ақ жаңбыр жауа қалса тағы да суға кетеміз. Бізге ешкім құлақ аспайды. Неше жыл болды жеткізіп жүргенімізге,-дейді тұрғын.

Міне, осы көтерілген мәселеге орай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі былай деп жауап берді.

"Қазіргі таңда 22 км Индербор кентішілік автомобиль жолдарымен жаяу жүргінші жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар 2020 жылдың аяғына дейін аяқталады деп күтілуде. Ал қалған жол құрылысы салыну керек кентішілік автомобиль жолдарының тізімі жасақталып, жобалық сметалық құжаттамасын жасақтау үшін қаражат көзі сұратылуда. Қаражат көзі бөлінген жағдайда бұл жұмыстар жүзеге асырылып, жол құрылыстары әрі қарай жалғасын табатын болады"

 

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521