Студенттер жаңа белеске жолдама алды

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде I курс студенттеріне арналған «Jana Beles» салтанатты шарасы өтті. Жаңа оқу жылында дәстүрлі түрде өтетін «Студенттер қатарына қабылдау» шарасында 6 факультеттің студенттері белсенді қатысты.

Биыл университетке 2754 түлек оқуға түсіп, студент атанып отыр. Олардың ішінде бакалавриат жүйесі бойынша 2569 студент білім алуда, 792 түлек грантпен оқуға түсті. Сонымен қатар, биыл Шымкент, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарынан оқуға түскен студенттер бар. Алғаш болып сөз алған университеттің Басқарма Төрағасы-Ректор Идрисов Саламат сөз алды.

– Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті – еліміздің батыс өңіріндегі, жетпіс жылдан астам тарихы бар іргелі, мақтаулы оқу орындарының бірі. Сол себепті, Сіздердің өмірлік маңызды қадамда оң таңдау жасағандарыңызға сенімдімін. Өз кезегінде біз сіздердің алаңсыз, сапалы білім алып, бос уақыттарыңызды тиімді пайдалануларыңыз үшін қолдан келген бар жағдайды жасауға ұмтыламыз. Университетте жатақхана үйлері, кітапхана, дене сауықтыру кешені, медпункт, басқа да күнделікті қажетті орындар бар, интернет қосулы. Ендігі жерде сіздерден талап етілетіні – білім алып, оқу орнының абыройын арттыратын білікті маман, саналы азамат болу. Мерекелеріңіз құтты болсын! Алдарыңыздан ақ күн туғай, – деді Саламат Нұрмұханұлы.

Сондай-ақ, шара барысында студенттің қоғамдағы статусын айқындайтын төлқұжаты іспетті студенттік билетін тапсыру рәсімі өтті. Салтанатты шара елімізге белгілі өнер иелері мен университеттің талантты өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Суреттерді түсірген: Ерлан Алтыбаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521