Ұстаздар ұлықталды

  Индер ауданында " Ұстаз ғұмыр, ұстаз нұр"  атты мұғалімдер мерекесіне арналған шара "Грандхолл"  мейрамханасында өтті. 


  Алдымен мерекеге жиналған мұғалімдер қауымын аудан әкімінің орынбасары Артур Мурзин құттықтады. Көпшіліктің алдында "Еңбек ардагері" төсбелгісін М.Әуезов атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әлия Саменоваға, Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатын аталған мектептің тарих пәні мұғалімі Гүлсара Өтепқалиеваға табыстады. Сондай-ақ облыс әкімінің және аудан әкімінің Алғыс хаттарын иелеріне табыс етті. 


  Аудандық мәслихаттың аппаратының  басшысы Гүлшара Қабиева құттықтап, бір топ мұғалімге  облыстық және аудандық мәслихаттың Алғыс хатын табыс етті. Сондай-ақ аудандық   білім бөлімінің басшысы Орынша Ділмұқашева мен Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы  Индер аудандық комитетінің төрағасы Қалжан Ахметова құттықтап, еңбегімен еленген бірқатар мұғалімдерді  марапаттады.


   "КСРО білім беру ісінің үздігі,  Индер ауданының құрметті азаматы Төлеш Тілекқабылов атындағы" Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі" жүлдесінің иегері болып М. Сиранов атындағы орта мектептің мұғалімі Жанар Ибрашева танылды. 
Ардагер ұстаз,  ҚР "Білім беру ісінің үздігі" Жамал Қажымұратқызы сөз алып, ортаға шақырылған жас мамандарға ақ тілегін жеткізді. 

 

С. Сансызбайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT