СПОРТШЫЛАР ДА БІЗБЕН БІРГЕ

ҒАСЫРҒА ТАРТА ТАРИХИ БАР «ДЕНДЕР» ГАЗЕТІНДЕ АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК, ЭКОНОМИКАЛЫҚ, МӘДЕНИЕТ, БІЛІМ, РУХАНИ ӨМІРІ СЫНДЫ САН АЛУАН ТАҚЫРЫПТАР ҚАМТЫЛЫП КЕЛЕДІ. СОНЫҢ ІШІНДЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУ, САЛАМАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА АРНАЙЫ СПОРТ БЕТІ ДЕ ТҰРАҚТЫ ШЫҒАДЫ. 

Әсіресе директоры Нұржан Бисенбаев басқаратын аудандық балалар спорт мектебі шәкірттерінің жетістіктері тұрақты жарияланып жүр. Әрине, бұл саладағы түйінді мәселелері де біздің назарымыз дан шет қалмайды. Қазір бұл мектепте еркін күрес, дзюдо, қазақ күресі, самбо, шахмат, тоғызқұмалақ, футбол, волейбол, баскетбол, бокс сынды спорт түрлерімен 872 шәкірт шұғылданады. Әсіресе, аудан көлеміне кең тараған еркін күрес шәкірттері биыл Атырау, Қызылорда, Ақтау, Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында өткен түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлделі оралды. Сондай-ақ басқа да спорт түрлерінің жетістіктері аз емес. Жалпы балалар спорт мектебінде барлығы 76 қызметкер еңбек ететін болса, соның 26-сы бап кер екенін айта кетейік. Келер жылға газетке жа зылу науқанына орай бала лар спорт мектебіне жолымыз түскен болатын. Сонда спорт шылар бұрыннан «Дендер» газетінің тұрақты оқырманы екендіктерін, әсіресе га зет бетінде шәкірттерінің жеңісін көріп, ата-аналары да ризашылық танытатындарын айтты. Әттеген-айы, бұған дейін газетке жазылғанымен, кейбір пошташылардың газетті уақытында үйге әкеле бермейтіндігін де назарымызға салды. Осы орайда газетке балама түрде редакцияның өзінен жаз дырып алуға болатындығын қаперге бердік. Спортшылар ба лама жазылу өздеріне қолайлы екендіктерін айтып, бәрі де «Дендер» газетіне бірауыздан жазылуға келісті. Ал сіздің ұжым аудан айнасы – «Дендерге» жазылды ма?

 С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT