Бүгін ауданға жұмыс сапарымен Атырау облыстық сотының азаматтық істері жөніндегі сот алқасының төрағасы Манат Комиршинов келіп, ауданның жаңа сот төрағасы Жанат Саматұлын таныстырды.
Хабаров Жанат Саматұлы - 1985 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары. 2003 жылы Алматы заң колледжі, 2007 жылы Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, 2010 жылы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірген. «Қазақстан Дизайнерлер Одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда филиалында заңгер қызметінен еңбек жолын бастаған ол күні бүгінге дейін Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы қызметінде болған.
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өткен жиында М.Комиршинов сот саласындағы біраз өзгерістерді, сот әділдігі жөнінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ал аудан әкімінің міндетін атқарушы Дарын Шамұратовта жаңа басшыға аудандағы қоғамдық ұйымдар мен мәслихат депуттарымен, жергілікті атқарушы билікпен бірлескен жұмыс нәтижелі болатынын айтты.
Сонымен бірге аудандық мәслихат хатшысы Бағдат Сапаров, «Ақпараттық талдау» орталығының аудандағы маманы Қымбат Кәрім де өз тілектерін білдіріп, жұмысына табыс тіледі.
Диас АЙБАРОВ