Сот енді СМС-пен шақырады

Азаматтар мен заңды тұлғалар үшін сот жүйесіне қолжетімділікті арттыру және оңтайландыру мақсатында сотқа келуші тараптарға, адвокаттарға арнайы ұсынылған сервис арқылы сотқа шақыру қағаздарының электрондық нұсқасын басып шығару, телефонға жүктеп алу сынды сот жүйесіндегі жаңа технологияларды пайдалану мүмкіншілігі бар.

Сотқа жүгінуші азаматтарға жасалынып отырған тиімді шаралардың бірі. Осындай әдіспен алынған электрондық сотқа шақыру қағазы  2003 жылғы 7 қаңтардағы «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба» туралы №370 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресми құжат болып есептеледі және қағаз жүзіндегі құжатпен теңестіріледі.

Іске қатысатын адамдар,  сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар мен аудармашылар ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша хабарлама жіберу арқылы, сондай-ақ хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып хабарлануы немесе шақырылуы мүмкін. Жеткізілгенін растайтын есепті алған кезде жеке өзі сотқа ұсынған ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша  тараптың тиісінше хабарландырылуы болып табылады.

Смс-хабарламаны қабылдап, алайда шақыртылған уақытқа белгісіз себептермен келмеу сотты немесе судьяны құрметтемеу болып табылады. Сотқа немесе судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

А.Кәрімова,

аудандық соттың бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT