Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді тәуелсіз ел тарихындағы ең басты мерекенің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тұрақтылық пен өркендеудің сенімді іргетасы, әрбір қазақстандықтың құқығы мен еркіндігінің кепілі болған мемлекетіміздің Ата Заңының қабылданғанына биыл 25 жыл толып отыр. Егемендігіміздің еңсесін нығайтып, ұлттық рухымыздың адастырмас темірқазығына айналған Конституция – бабалардың даналығы мен қазіргі заманның рухын бірлестіре үйлестірген, жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың теңдігін тегіне қарамастан бекіткен ұлы құжат.
Бүгінде тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымызға даңғыл болып, елдің бетке алған бағдарының тұтастай бөлігін қамтуда. Сондықтан, кемел келешегіміздің жарқын тірегі Ата Заңымыздың қағидаттары мен нормаларын ұстану, конституциялық құндылықтарды қорғау – әрбір азаматтың құрметті парызы және міндеті.
Қадірлі жерлестер!
Ата Заңды ардақ тұтқан өнегелі еліміз өркендей берсін! Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Ел іргесі аман, жұртымыз тыныш, келешегіміз кемел, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!!!
ҚҰРМЕТПЕН М.ҚАЛАУИ,
аудан әкімі