Сенаторлар халықпен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Сәрсенбай Еңсегенов пен Ғұмар Дүйсембаев өткен дүйсенбіде ауданда болып, тұрғындармен кездесті.

Негізгі мәселе Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде жария еткен бастамалары мен Парламент Сенатының жыл ішінде атқарған жұмыстарынан хабардар етті. Индерліктердің көтерген ұсыныс-тілектерін, өзекті мәселелерін тыңдады.

Жиынға аудан әкімі Мейірім Қалауи мен орынбасарлары, бөлім басшылары, мәслихат депутаттары, мекеме, ұжым басшылары қатынасты.

Кездесуде Парламент Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Сенат жұмысы мен халық игілігіне қабылданған заңдар туралы жан-жақты айтып өтті. Ал Парламент Сенат депутаты Ғұмар Дүйсенбаев жаңадан бекітілген Үкімет алғашқы селекторын өткізіп, Елбасының қойған тапсырмасы бойынша жол картасын жасақтап бастағанын атап өтті. Әсіресе, әлеуметтік мәселелер мен өңірлердің инфрақұрылымын дамыту кеңінен қамтылып отырғанын жеткізді.

Аудан әкімі М.Қалауи аудан өндірісін дамытуға мол мүмкіндіктердің бар екендігін, бұған дейін тұралап қалған құрылыс қоспалар зауытын қайтадан ашу және тұз зауытының көлемін ұлғайту жоспарларын және ауданның аз қамтылған отбасылары, әлеуметтік төлемдер мәселесі жете зерделеніп отырғанын атап өтті.

Толығырақ газетіміздің 7 наурыздағы №10 санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521