«Сексеннің» шатырынан су кетіп жатыр (ФОТО, ВИДЕО)

 Индербор кентінде екі күннен бері толассыз жауған жаңбырды халық жақсылыққа балап жатса, оның зардабын да тартып жатқандар жоқ емес. Соның бірі кенттегі қазіргі сексен пәтерлік аталып кеткен Майдыров №1а 14 үйдің тұрғыны Райгүл Амиева аудан әкімінің теллеграмм желісіне көпқатарлы үйдің шатырынан су ағып жатқандығы туралы реніш білдірген болатын.

«Біздер жылма-жыл күз, көктем, жаз айларында жаңбырмен арпалысып отырамыз. Қыс болса көгереді, күз болса тамшыдан шелек-шелек су шығарамыз. Жасаған жөндеу жұмыстарымыз да зая кетуде. Бастапқыда цемент, шайыр (смола) құйып әл-ауқатымыз жеткенше жамап келдік. Оған да болар емес. 2006 жылдан бері осы мәселені көтеріп келеміз. Жылда жөнделетіндіге құр уәде бергенмен, еш нәтиже жоқ. Мынадан біз ауру болдық», - деп жанайқайын жеткізсе, бұдан басқа да Махамбет 18, Қонаев 22, Қаражанова 22 көп қабатты үйлердің тұрғындары да шатырдан су кетіп жатқандығын айтып, әкімшіліктен көмек күтуде.

Бұл жөнінде кент әкіміне хабарласқанымызда, маман Майгүл Қизатова:

- ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңына сәйкес көп қабатты тұрғын үйлер жеке меншік болғандықтан, яғни кондоминиум объектiсi болуына орай, бүкiл жөндеу жұмыстары тұрғындардың өз қаражат есебiнен жасалу керек, - дей келе, кент бойынша көп қабатты тұрғын үйлердiң қасбетiн жөндеу жұмыстары бюджет есебiнен 2020 - 2021жылдарға жоспарланғандығын, сол себепті ол кезегiмен қаражат бөлінуіне қарай жасалатындығын жеткізді.

Қайткенде де бұл олқылықтың алдын алмаса, алда да мұндай жағдайлар орын алып, тұрғындар зардап шеге беруі мүмкін ғой.

Ақмарал ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521