«Белсенді жастар – жарқын болашақ»

Жастар арасында қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға және тұрмыстық мәдениетті арттыруға бағытталған экологиялық челлендж сәтті ұйымдастырылды.

Игі шараның басты мақсаты – жас буынның бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті ояту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жауапкершілік сезімін күшейту болды. Челлендж аясында қатысушылар сенбіліктерге шығып, ауыл аумақтарын қоқыстан тазартып, ағаш отырғызды.

Экологиялық бастама жастардың белсенділігі мен шығармашылығын ұштап, олардың бойындағы азаматтық ұстанымды нығайта түсті. Бұл челлендж – жастардың қоршаған ортаға деген жанашыр көзқарасының, табиғатқа деген сүйіспеншілігінің жарқын көрінісі болды.

«МТ»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT