Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясы Индер аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті.

Партия филиалының сайланбалы органдарының (Саяси Кеңесінің, Саяси кеңесі Бюросының) және бастауыш партия ұйымдары бюроларының, төрағаларының, төраға орынбасарларының өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты биыл есеп беру-сайлау науқанын өтуі керек және есеп беру–сайлау іс-шараларын дайындау және ұйымдастыру кезінде партия Орталық аппаратының ұсынымдары басшылыққа алынатын болады.

fb_img_1618572727706

Осыған орай, «Nur Otan» партиясы Индер аудандық филиалының ХХХ есеп беру–сайлау конференциясын 2021 жылдың 28 сәуір күніне шақыруды, оған аудандағы 30 партия мүшесінен 1 (бір) делегат өкілеттік мөлшерін белгілеуді және конференцияның күн тәртібіне 3 мәселені енгізу ұсынылды.

Сонымен қатар, Индер ауданының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасы» әзірленіп, әрбір бағыт бойынша нысаналы индикаторлар мен мерзімдер қойылып, жауапты орындаушылар белгіленді.

Бюджет қаражатының тиімді және ашық жұмсалуына мониторинг жасауды қамтамасыз ету, партияның сайлауалды бағдарламалары мен «Жол карталарын» іске асыруды қоғамдық – саяси бақылау мақсатында ауданда 9 аумақтық қоғамдық кеңес құру туралы қаулы қабылданды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT