Аудан тұрғындарынан «Үйіміздегі теледидардан 20-дан аса каналды тамашалап, мәз болып жүр едік, кенеттен ол жұмыс істемей қалды.
Соның себебін кімнен білуге болады?» деген тақырыптағы сауалдар жиі түсетін болды. Осыған сәйкес тиісті орындармен хабарласқанбыз. Олар төмендегідей түсінік берді:
- Негізі бұл мәселеге қатысты «Қазтелерадио»АҚ Атырау облыстық радиотелехабар тарату дирекциясының басшысы Дархан Құсынов «Атырау» газетінің 2018 жылғы 17 тамыздағы №66 санында толық түсінік берді.
Атап айтқанда 2013 жылдан бастап облыста спутниктік сандық форматтағы станцияны әр аудандарда орнату жұмыстары басталып кеткен. Алғашқы сегізі, оның ішінде Елтайдағы хабар тарату орталығы да бар, сынақ үшін өткен желтоқсанда іске қосылған. Бұл сынақ жұмысы тамызға дейін созылып, сонан соң жүйе өшірілген, - дейді мамандар.
Жалпы аталған сынақ мерзімі кезінде мердігермен атқарылған жұмыстар, қажетті қондырғылардың түрлі қысқы, жазғы маусымдарға төзімділігі тексеріліп, бірқатар кемшіліктері, ақаулықтары анықталған. Бүгінде спутниктік сандық станцияларда орнатылған қондырғылардың ақаулықтарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатырған көрінеді.
Мамандардың айтуынша, бұл кедергі ақаулықтар (Елтайда орын алып отырған жоқ), 8 нысан бойынша жүргізіліп, содан кейін мердігер жұмысы толық біткен соң ресми қабылданатын болады. Содан кейін сандық жүйе іске қосылатын болады.
С.ХАЛЫҚОВ.