Сәбилерді алдаған кім, Қонарбаев қайда жүр?

Статистика агенттігі елімізде 2006 жылы 10 маусымда егіз сәби дүниеге келіп, бірі - 9, екіншісі 10 - шы миллионның көшін бастап тұрғанын бүкіл елден сүйінші сұрап, жариялаған еді.

Ол қуаныштың иелері Индер ауданындағы Абзал мен Тюльпанның тұңғыштары болатын. Қос перзентке Әсем мен Әсет деп ат қойылды. Қуанышқа орай «Борат» мәдениет үйінде өткен кездесуде сол кездегі Атырау облыстық, кейін Парламент мәжілісінің депутаты, кәсіпкер Болат Қонарбаев жомарттық танытып, Индербордан пәтер сыйлайтынын жария етті. Сөйтіп жергілікті әкімшілік кенттің Б.Майдыров көшесі №1 үйден пәтер ұсынып, аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХVІ сессиясында арнайы шешім шығарды. Бұл сол кездегі басылымдарға жарияланған болатын.

togyz-million

Алайда арада 14 жыл өтсе де пәтер жекешеленбеген. Сыйға берем дегені жалған болып шықты. Жас отбасылар бірнеше рет шағымданғанмен аудандық әкімшілік бұл пәтер тиісті заңдылыққа сәйкес жекешелендіру санатына жатпайтынын мәлімдеген. Осылайша сыйға берудің ақыры сиыр құйымшақтанып кетті.

Сонда өтірікші кім, қате кімнен??

С. Базарбаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521