Сұрмергендер сыналды

Ұлттық спорттың бір түрі - садақ ату. Мергендік пен шыдамдылықты, мықтылық пен шеберлікті анықтайтын бұл спорт түрі елімізде соңғы уақытта дамып келе жатыр. Осы орайда, индерлік жеке кәсіпкер Ержан Серіковтың ұйымдастыруымен аудан тұрғындары арасында садақ атудан жарыс өткізіліп, оған 30-дан аса адам қатысты.

Тартысты өткен бәсекеде сұрмергендер оза шауып, жүлделі орындардан көрінді. Атап айтсақ, Фархад Махметов 1 орын, Азамат Иманғазиев 2 орын, ал Әліби Бисембаев 3 орынға ие болды.

Жарыс соңында ұйымдастырушы, жеке кәсіпкер Ержан Серіков барша қатысушыларға алғысын білдіріп, ақшалай сертификаттар табыс етті.

whatsapp-image-2022-07-22-at-09_47_491

            - Ауданымызда сәуір айында "Мерген" садақ ату клубын ашқан болатынбыз. Сол жерге аудан азаматтары белсене келіп, қатысып, кейбірі шәкірттерімен бірге ұлттық спортымызға деген қызығушылығын танытып, садақ атудың қыр-сырын үйреніп жүр. Соған орай, осындай жарыс ұйымдастыруды қолға алдық. Барлығы да белсенділікпен қатысты. Бұл ойынды алдағы уақытта үзбей өткізіп тұрамын, - дейді ол бізбен әңгімесінде.

Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521