Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру жөніндегі бастамасы уақытылы әрі маңызды қадам деп санаймыз.
Аграрлық сала – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі ғана емес, ауылдық аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі. Бүгінгі таңда заманауи технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ауыл шаруашылығын тиімді ұйымдастыруға, өнімділікті арттыруға және еңбек өнімін молайтуға болады.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған ұстанымын толық қолдаймыз. Бұл салаға инвестиция тарту, жаңа инновациялық тәсілдерді енгізу және жас мамандарды ауылға тарту – Қазақстанның тұрақты дамуына жол ашатыны сөзсіз.
Нәсіпқали Сағынов
ардагер