Озаттар төрге озды


Ауданымызда ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жоғары деңгейде өтті. Бұл күні жыл бойы күннің астында шаруадан қол үзбей жүрген еңбекшілер бір уақыт жұмыстан босап, арқа-жарқа болды.
Есбол мәдениет үйінде өткен шарада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, спорттық шаралар мерекенің көрігін қыздырды. Одан соң салтанаттты шараға жайғасты.
Аудан әкімі Д.Шамұратов барша еңбекшілерді мерекелерімен құттықтап, олардың халықты азық түлікпен қамтудағы орасан зор үлестерін ерекше атап өтті. Соның ішінде саланың үздіктерін марапаттап, төрге шығарды.
Олардың қатарында: «Үздік шопан» номинациясы бойынша - «Алихан» шаруа қожалығының басшысы Қайыржан Адиров, «Үздік мал дәрігері» - Өрлік ауылдық округінің мал дәрігері Қайдар Бисенов, «Үздік егінші» -«Весна» шаруа қожалығының басшысы Александр Матвеев, «Үздік механизатор» - «Ербол» шаруа қожалығының қызметкері Бауыржан Сұлтанғалиев, «Үздік шаруашылық» - ағайынды Киікбаевтар бар. Озаттарға арнайы лента тағылып, бағалы сыйлықтар тапсырылды.

314390300_1792641584433080_1912542630442191216_n
   Сонымен қатар «Қуанов Мұрат» шаруа қожалығының басшысы Қуанов Мұрат пен «Қайша» наубайханасының басшысы Азамат Баймұханұлы аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Салтанатты жиында аудандық мәслихат хатшысы Б.Сапаров сөз алып, «Бірлік» шаруа қожалығының қызметкері Нұржамал Ақжігітова мен «Бектен» шаруа қожалығының басшысы Алтынай Теңелбаеваны аудандық мәслихаттың алғыс хатымен марапаттады. Фермерлер одағының аудандағы жетекшісі І.Мұрат облыстық фермерлер одағының алғыс хатын ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері Ыдырғали Сайханұлы мен Тыныштық Азановты және «Айтөре» шаруа қожалығының басшысы Қонай Бисенғалиевтерге тапсырды.
Өңіріміздің жарқын да бақытты болашағы үшін аянбай еңбек еткен еңбеккерлерге арнап, ауданның көркем өнерпаздары ән-биден шашу шашты.

314673644_1792641594433079_2079218020108784810_n

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз