"Отбасы - бақыт мекені"

Осындай атаумен Индер аудандық балалар кітапханасында отбасы күніне орай шара өтті.

Оған кітапхананың тұрақты оқырманы, медицина саласында көп жыл еңбек еткен зейнеткер Есқалиев Ермекқали ағаның жанұясы атынан жолдасы Сәнжан Хайруллина апай, "Талап" сауда орталығының директоры Ақжібек Сабырғалиева арнайы қонақ ретінде қатысты.

otb

Жүргізуші тізгінін ұстаған аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Болған Әмірғалиқызы отбасының құндылықтарын, жанұя бақытын айтумен шара шымылдығын ашты. Кітапхана оқырмандары, кішкентай балғындар өз өнерлерін, көрсетті. Кітапхананың тұрақты оқырманы, қазіргі кезде студент Нұрасыл Иса мен Ақтілек Әлібекұлы "Қарт пен немере" көрінісін қойып, ары қарай өз өлең жолдарымен жалғап, өз отбасылары жайлы айтып берді.

otba

Кеш соңында қатысқан қонақтар өсіп келе жатқан жас өрендерге ақ тілектерін жолдап, жанұядағы тәрбиенің маңыздылығын айтып, отбасындағы сыйластық пен жарастық туралы өз ойларымен бөлісті.

А. ТҰРҒАЛИҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT